Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Алматинская область

Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде семинар-тренинг өтті

2019 жылдың 13 наурызы күні Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл С.Лимнің ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі  жоспар, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзіңнен баста»  кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындалуы бойынша әрекет алгоритмінің 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының  қызметкері, психология магистрі М.Негметжанованың  қатысуымен «Жеке құзыреттілікті дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

«Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің Саркан аудандық қазынашылық басқармасында «Қазынашылыққа 25 жыл» атты мерекелік іс шара

2019 жылдың ақпан айында Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің  Сарқан аудандық қазынашылық басқармасы аудан деңгейінде «Қазынашылыққа 25 жыл» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.  Мерекелік шараға аудан әкімі және әкім аппараты, аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, «Нұр Отан»  партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары және қаржы саласында қызмет атқаратын қызметкерлер қатысты. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы өз кезегінде қазынашылық қызметкерлеріне мерекелік Құрмет грамоталарын  ұсынды. Қазақстан қазынашылық жүйесінің         25 жылдығына орай өткізген салтанатты іс-шара қазынашылық басқармасы қызметкерлерінің орындауындағы «Қазынашылар гимнімен» қорытындыланды.

«Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің және аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларының 2018 жылдың атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2019 жылдың І тоқсанына бекітілген міндеттер туралы» Алқа мәжілісі

2019 жылдың 22 ақпанында Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті  2018 жылы атқарған жұмыс нәтижесін қорытындылап, 2019 жылдың І тоқсанына міндеттерді бекітті. Департамент басшысы Т.Айдарбеков  ұжымға ағымдағы жылы жоғарғы көрсеткіштерге жету  талаптарын қойды. Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің 2018 жылға  жүргізген рейтингтік бағалау нәтижесі бойынша үздік көрсеткішке ие болған аудандық қазынашылық басқармалары Департамент басшысының Алғыс хаттарымен мараппатталды.

Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде мерекелік іс шара өтті

         Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде  Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында  Департамент басшысы Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков ұжымды аталған мерекемен құттықтап, үздік қызметшілерді Департаменттің құрмет грамотасымен марапаттады.  

Алматы облысында облыстық «Тіл- тәуелсіздік тірегі» атты «Брейн-Ринг» интеллектуалдық турнир өтті

2018 жылдың 11 желтоқсаны күні Алматы облысының тілдері дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Тіл-тәуелсіздік  тірегі» атты «Брейн-ринг» интеллектуалдық турнирін өткізді. Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің  әкімшілік бөлімінің бас маманы Д.Нургалиева  «Жетісу» командасы құрамында   турнирге белсенді қатысып,  жүлделі ІІ –ші орынды иеленді.

 

Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде «Ағымдағы қаржы жылын табысты аяқтау міндеттері және жаңа қаржы жылын ашу » атты семинар –кеңес өтті

2018 жылдың 11 желтоқсанында Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде «Ағымдағы қаржы жылын табысты аяқтау міндеттері  және жаңа қаржы жылын ашу» тақырыбында республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметкерлерімен  семинар-кеңес өткізілді. Семинарда қаржы жылын аяқтаудағы қызмет көрсету ережесі мен қаржылық құжаттарды ресімдеу бойынша, шарттарды бұзу бойынша, мемлекеттік - жеке серіктестік бойынша проблемалық сұрақтар қарастырылды.