Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu
+7 7172 718450

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Опрос по Департаменту казначейства по Атырауской области

Меня удовлетворила вежливость и профессиональная этика (поведения) государственного служащего органов казначейства

согласен - 7.4%
полностью согласен - 88.9%
сомневаюсь - 3.7%
не согласен - 0%
совершенно не согласен - 0%
затрудняюсь ответить - 0%

Total votes: 27
The voting for this poll has ended on: Май 12, 2018

Приходилось ли Вам предпринимать какие-либо меры в отношении государственного служащего органов казначейства, чтобы исправить ситуацию из-за его/ее неэтичного поведения?

нет, не приходилось - 100%
да, приходилось, но никакого результата мои действия не дали (ситуация не изменилась, виновные не наказаны) - 0%
да, приходилось, были результаты (ситуация улучшилась, инцидент исчерпан) - 0%
затрудняюсь ответить - 0%

Total votes: 26
The voting for this poll has ended on: Май 12, 2018

Какие именно действия Вы готовы предпринять при неэтичном поведении государственного служащего органов казначейства?

самостоятельно попытаюсь решить возникшую проблему, ситуацию - 3.7%
пойти жаловаться (устно) его руководителю на неэтичное поведение - 0%
написать жалобу на неэтичное поведение государственного служащего - 0%
подать в суд за неэтичное поведение государственного служащего - 0%
никакие, бесполезны замечания - 0%
сделаю замечание, надеюсь на совесть - 92.6%
сначала самостоятельно, если результата нет, то напишу жалобу - 0%
затрудняюсь ответить - 3.7%

Total votes: 27
The voting for this poll has ended on: Май 12, 2018

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

9 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында Мәңгілік алауға гүл шоғын қою салтанатты рәсімі болып өтті. Бұл шараға Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің ұжымы түгелдей дерлік қатысып,  Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, аталған шаралар әр аудандарда жалғасын тауып, аудандық қазынашылық басқарма қызметкерлері де өз үлестерін қосты.  

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай департаменттің ер-азаматтарына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Департаменттің әйелдер қауымы азаматтарға ізгі тілектерін жеке-жеке жыр шумақтарымен арнады. Мерекелік шара мерекелік тақырыпта ән мен биге ұласты.

 

«2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» ережеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдануда туындаған мәселелер» атты семинар өткізді.

 

          2018 жылдың 27 сәуірінде «Қаржы және сатып алу Академиясы» ұйымдастырылуымен ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасы басшысы Е.Г.Сеитовтың және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ведомствалық бақылау басқармасының бас эксперт – бас қазынашысы А.А.Биболдинованың қатысуымен Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында «2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ережеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдануда туындаған мәселелер» атты семинар жүргізілді.

           Семинарда ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасы басшысы Е.Г.Сеитов мемлекеттік сатып алу жүйесі, «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ережеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік сатып алу бойынша сұрақтарға негізделе кейбір заңнамалық актілерге өзгерістермен тоықтырылған Заң жоспары талқылады. Ал ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ведомствалық бақылау басқармасының бас эксперт – бас қазынашысы А.А.Биболдинова Қазынашылық органда практикада туындалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу бойынша, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдануда туындаған ақуалды сұрақтарды қозғады. Аталған шараға 100-ден астам мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. Семинар соңында, барлық қатысушыларға біліктілігін арттыру сертификаттары ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс сапары

2018 жылғы 16-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ж.Ташмагамбетовтың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Атырау облысына жұмыс сапары болды.

Белгіленген кестеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл ҚР Қаржы министрлігінің Атырау облысы бойынша аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі нормаларын түсіндіру жөнінде дәріс оқыды. Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігінің Атырау облысы бойынша аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесіп, мемлекеттік қызметкерлер мен Атырау облысының азаматтарын және заңды тұлға өкілдерін қабылдады.  

2018 жылға ҚР Президентінің Жолдауы туралы семинар -кеңес

2018 жылдың 23 қаңтарында Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде  Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын талқылау жөнінде                  семинар-кеңес өткізілді.

“Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауының негізгі бағыттары бойынша Департамент басшысы А.К. Шанкиев және заң қызметі бөлімінің басшысы Л.А.Калмыкова баяндама жасады.

Департамент ұжымы Жолдауды үлкен ынтамен қабылдады.

 

 

Семинар–совещание с государственными учреждениями.

10-12 октября 2017 года в департаменте Казначейства по Атырауской области было проведено семинар-совещание  с государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского и местных бюджетов, в целях пояснения о внесении изменений и дополнений  в Приказ Министерства финансов РК №540 от 04 декабря 2014 года « Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания».  А также на семинаре-совещании были обсуждены вопросы, возникшие  во время проведения финансовых документов, состоялся обмен мнениями по улучшению качества работы и уменьшению показателей возращенных без исполнения финансовых документов.

Мемлекеттік мекемелермен өткізілген семинар-кеңес

2017 жылғы 10-12 қазан аралығында Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ҚР Қаржы министрінің 2014ж 4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту» туралы бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Сонымен бірге, семинар-кеңесте қаржылық құжаттарды өткізу барысында туындаған мәселелер талқыланып, орындаусыз қайтарылған қаржылық құжаттар көрсеткіштерін азайту және жұмыс сапасын жақсарту жөнінде пікір алмасылды.     

Халықаралық қарттар күніне орай

Халықаралық қарттар күніне орай Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде қазынашылық саласында еңбек еткен  ардагер-қаржыгерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды. Департамент басшысы А.Қ.Шанкиев экономикамыздың дамуына үлес қосқан ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді.

ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ведомствалық бақылау басқармасының қызметкерлері ҚР ҚМ ҚК Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті РММ-не тәжірибелік көмек көрсету мақсатында іс шаралар жүргізді

         21-25 тамыз аралығында ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ведомствалық бақылау басқарма қызметкерлері Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті қызметкерлері арасында қазынашылық қызмет көрсетудегі жиі туындаған мәселелерді талқылап, пікір алмасып, тәжірибелік көмек көрсету мақсатында іс шаралар жүргізді. Аталған шара, сонымен қатар Индер аудандық қазынашылық басқармасында да өтті. Барлығы бұл шараға 100-ге жуық қызметкер қатысты.

Работники управления ведомственного контроля Комитета казначейства МФ РК в целях оказания практической помощи провели мероприятия в РГУ «Департамент казначейства по Атырауской области КК МФ РК»

         21-25 тамыз аралығында ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ведомствалық бақылау басқарма қызметкерлері Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті қызметкерлері арасында қазынашылық қызмет көрсетудегі жиі туындаған мәселелерді талқылап, пікір алмасып, тәжірибелік көмек көрсету мақсатында іс шаралар жүргізді. Аталған шара, сонымен қатар Индер аудандық қазынашылық басқармасында да өтті. Барлығы бұл шараға 100-ге жуық қызметкер қатысты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Астана қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 718450
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика