Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Нашар көретіндерге арналған
Menu
+7 7172 718450

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті

Рухани жаңғыру – латын әліпбиіне көшу

2017 жылдың 8 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында Астана бойынша Қазынашылық департаментінде мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиді енгізу қажеттілігін түсіндіру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызының қатысуымен ақпараттық күн өткізілді.

Аталған іс-шарада Оразкүл Асанғазықызы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша  ХХІ ғасырдағы ұлттық сана, бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы, сонымен қатар таяу жылдардағы міндеттің бірі латын әліпбиіне көшу мәселесіне терең тоқталды.

 

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Жақсылық пен құрмет күні»

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті 2017 жылдың     02 қазанында қазынашылық қызметінің зейнеткер-ардагерлерінің шеруі бойынша мерекелік іс-шара өткізді. Аталған іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ АМҚ төрағасы  Сансызбай Сейтжанұлы Есилов қатысты.

Ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы естеліктерін ортаға салып, алдағы уақытта қазынашылық жұмыста зор табыстар тіледі.

Ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарлама мен мерекелік үстел ұйымдастырылды.

Қазынашылық үшін тәуекелді болдырмау

ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің өкілдері Венада өткен REMPAL қазынашылық қауымдастығы пленарлық отырысына қатысқан болатын.

«Қазынашылық қызметінде тәуекелді басқару» негізгі тақырыбын талдауға Бүкіләлемдік банктердің сарапшылары мен әр елдің қазынашылық өкілдері қатысты.

Тәуекелді басқару – ұйымның мақсатқа жетудегі әртүрлі кепілдіктерді  қамтамасыз етуге бағытталған әлеуетті оқиғалар немесе жағдаяттарды анықтау, бағалау, бақылау және басқару үрдісі.

Заманауи жағдайда тәуекелділіктің түрлері мен аумағы ұлғаюда. Тәуекелділіктің жағымсыз салдары елеусіз болуы да мүмкін. Ұлттық үкіметтермен бюджет қаражатын пайдалануда осы мәселе өзектілігімен ерекше. Бұл ортаны үнемі жетілдіру және оны бағалау, тәуекелділікті талдау мен оны жақсарту стратегиясын әзірлеу көптеген елдерде қалыпты жағдай болып отыр.

Тәуекелге ықпал етудің бірден бір нұсқасы зардап болжамын немесе олардың аумағын төмендететін тәуекелді жұмсарту болып табылады. Тәуекелге ықпал ету нұсқалары тәуекел деңгейімен мөлшерлес және іске асырылатын экономикалық тиімді болуы тиіс.

Озық тәжірибе дегеніміз болатын зардаптар мен болжамдардың негізінде барлық тәуекелдер біріздендірілетін, талданатын және сыныпталатын, сондай-ақ тәуекелге болжамды ықпал ету нұсқасы көрсетілген тәуекел тізілімдемесін қалыптастыру.

Кейбір елдерде министр орынбасарының төрағалығымен борыштар мен тәуекелді басқару бойынша алқалық жұмыс органдары бар. Аталған органдарға Қаржы министрлігі  құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Негізгі міндеті казынашылық органдарына бақылауға тәртіптік-рәсімдеу сипаттағы тәуекелді азайту және беру жолымен мемлекеттік қаржыларда тәуекелді басқару болып табылады.

Қазынашылық үшін негізгі тәуекел ББА өтімділігінің жетімсіздігінен болатын қаржылық тәуекел.

Аталмыш тәуекел алаяқтық пен жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Бюджеттік қаражаттың жетпеуінен төлемдер басымдылығы саяси себептермен, адами фактор рөлінің өсуімен, қызмет жеткізушілер сияқты коммерциялық банктер бюджеттен қаражатты уақтылы алмауымен, әлеуметтік бағдарламалар мен төлемдердің орындалмау қатерінің туындауымен  айқындалады. Осының барлығы мемлекеттің бедел тәуекеліне нұқсан келтіруі мүмкін.

Тәуекелді болдырмауда тиімді қазынашылық жұмыстар мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлерін жауапкершілікке тартпай-ақ ақшалай қаражат бюджеттен шыққанша бастапқы кезеңде бұзушылыққа жол бермеуге мүмкіндік береді.

Алдын ала және ағымдағы бақылау барысында қазынашылық  органдарымен жүзеге асырылатын превентивтік іс-шаралар мемлекеттік мекемелерге бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзуға жол бермейді. Сонымен, Департамент бойынша 2016 жылы қабылданған 644 359 құжаттан әртүрлі заңнамалық нормалар бұзушылықтарымен 1 026,7 млрд.теңге сомасына 56 267 құжат, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қабылданған 123 466 құжаттан 344,1 млрд теңгеге 9339 құжат орындаусыз қайтарылды.

Сондай-ақ тәуекелді азайту бойынша іс-шаралардың бірі бұзушылықтарды алдын алу жөнінде мемлекеттік мекемелердің қаржылық жұмыскерлерімен техникалық оқулар мен семинарларды өткізу болып табылады. Жауапкершіліктің жоғарылығы мен ынталандырудың төмен болуы мемлекеттік мекемелердің қаржылық қызметтерінде кадрлардың тұрақтамаушылығына әкеп соғады. Сонымен 2016 жылы Департамент қызмет көрсететін 379 мемлекеттік мекемеде  тікелей қаржылық құжаттарды ресімдейтін 153 бас бухгалтер мен 159 маман ауысқан. Өткізілетін семинарлар бюджетті атқару бойынша ҚР заңнамаларының барлық өзгерістерін шұғыл ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы интеграцияланған қазынашылық ақпараттандыру жүйесі әлемдегі бірден бір озық жүйе. Отырыста ұсынылған елдердің ішінде ешкім дербес банктік қызмет көрсетумен айналыспайды. Бизнес-поцестердің ашықтығы мен айқындығы бізде дұрыс жолға қойылған. Жалпы, алдын ала бақылау кезеңінде әртүрлі модуль бойынша қандай да тәуекелдерге (қаржыландыру жоспары, міндеттемелерді тіркеу, төлемдерді өткізу, бюджетке түсімдерді есептеу және қайтару, жеткізушілердің анықтамалығын қалыптастыру, валюталық операцияларды жүргізу және инкассалық өкімдермен жұмыс) жол берілмейді.

Мемлекеттік бюджеттің кассалық атқару жүйесіндегі барлық тәуекелдер анықтау, талдау, тәуекелді бағалау, тәуекел деңгейін төмендету шараларын қабылдау, сондай-ақ жемқорлық іс-әрекет анықталғанда материалды құқық қорғау органдарына беру, сондай-ақ қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-әрекетпен көрсетілетін бірыңғай нормативтік құқықтық актіде мазмұндалып, жүйеленуі қажет. 

REMPAL қазынашылық қауымдастығының келесі отырысында бірыңғай ақпараттық қазынашылық жүйесінде бюджетті қалыптастыру және модульді жоспарлау жұмысы бойынша Хорватия тәжірибесін зерделеу жоспарлануда.

 

 

Астана қаласы бойынша

Қазынашылық департаментінің

басшысы                                                                     Р. Токбаев

«Шағын футбол»

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері 2017 жылғы 18 маусымда Мемлекеттік қызметші күніне арналған Астана қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Шағын футбол» спорт түрі бойынша өткен жарысқа қатысып, III орынға ие болды.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты салтанатты  іс-шарасы 2017 жылдың  2 маусымы күні өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау

«ҰОС жеңісі» күніне орай Департамент ұжымы   2017 жылдың 03 мамырында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады:

 - Анна Прокофьевна Палюх 1923 жылы туған,

 - Джапаш Кашеков 1926 жылы туған,

 - Вениамин Петрович Медведев 1926 жылы туған;

гүлдер мен өндірістік себеттер табысталды.

«ЕХРО - 2017» Халықаралық көрме»

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері «ЕХРО - 2017» Халықаралық көрме»

 күніне арналған қалалық спартакиадаға қатысты:

- 2017 жыл 15 сәуірде  спорттың «Шағын футбол»  түрі бойынша- 4 орын

- 2017 жылдың 30 сәуірде спорттың  «Эстафета» түрі бойынша - 6 орын.

Астана қаласы Қазынашылық департаментінің аттестаттау қортындысы бойынша мәлімет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңының 63-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің №404 жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілері аттестаттаудан өтті

Департаменттің штаттық саны 135 мемлекттік қызметшіні құрайды оның ішінде ережеге сәйкес 86 мемлекеттік қызмеші аттестаттаудан өтті Қағиданың 3 тармағына сәйкес 43 мемелекттік қызметші аттестаттаудан өтуден босатылды. Аттестаттау комиссиясының қортындысы бойынша 11 қызметкер атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарлатуға ұсынылды, атқаратын лауазымына сай келеді-72 мемлекттік қызметкер,атқаратын лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылды-2 мемлекеттік қызметкер ұсынылды.

«Дәстүрлі емес діни ағымдардың жағымсыз ішкі мәні туралы», «Рухани дінді арттыру аясында «Жат діни ағымдар мен ғаламтор-қауіпі»

2017 жылдың 17 сәуірінде Мәдениет пен діннің халықаралық орталығы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері және «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті қызметкерлеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдардың жағымсыз ішкі мәні туралы», «Рухани дінді арттыру аясында «Жат діни ағымдар мен ғаламтор-қауіпі» тақырыптарында  семинар өткізді.

PEMPAL

2017 жылдың  20 наурызы мен 22 наурызы аралығында ҚР ҚМ ҚК Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Р.К.Токбаев PEMPAL Қазынашылық қоғамымен ұйымдастырылған қазынашылық операцияларында ақпараттық технологияларды қолдану бойынша оқу сапарымен Вена қаласына (Австрия Республикасы) жол жүрді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Астана қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 718450
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика