Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Нашар көретіндерге арналған
Menu
+7 7172 718450

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Тәжірибе алмасу

ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Ұлт жоспарының щеңберінде «100 нақты қадам: жаңа мемлекет барлығы үшін» және ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті төрағасының м.а тапсырмасын орындауда: 98 –ші қадамд    бойынша жергілікті өзін өзі басқарудың дербес  бюджетін енгізуге арналған жұмысты» жүргізу бойынша Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бір топ қызметкерлері Павлодар қаласына көшпелі аймақтық кеңеске қатысты.

Кеңес барысында ЖӨӨБы енгізу процессіне көңіл бөліп талқыланды,қаржылық құжаттардың өңделуіне жіберілген уақыттың азайтылуы туралы пікір алмасты. Аймақтық кеңес қазынашылық органдарының алдында тұрған тапсырмаларды  іске асыру мақсатында тәжірибе алмасты.

Қарттар мерекесімен құттықтау

Қарттар мерекесін тойлау күніне байланысты Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментімен қазынашылық жүйесінде қызмет атқарған зейнеткерлер үшін дәстүрлі іс шара ұйымдастырылды. Кездесуде әр зейнеткерлерге жылы лебіздер білдіріліп естелік ескерткіштер табыс етілді. Зейнеткерлер мереке күнінде көңіл бөліп ескергендеріне рахметтерін білдірді.

Мемлекеттік мекеме өкілдерімен семинар-кеңес

      2017 жылдың 14-15 қыркүйегінде Қарағанды облысы бойынша қазынашылық  департаменті РММ республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден қаржыландыратын мемлекеттік мекемелермен «Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 431 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне енгізілген өзгерістер.  2017 жылдың 8 айының қортындысы бойынша орындаусыз қайтарылған құжаттарды талдау» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша, сонымен қатар, орындаусыз қайтарылған қаржылық құжаттарды талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Мекемелерден қойылған сұрақтарға Қазынашылық департамент қызметкерлерімен толық жауап берілді.

Семинар өткізу туралы

2017 жылдың 10 тамызы Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің және Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Кездесу барысында көрсетілген тақырыпқа бейнероликтер қаралды,  жемқорлыққа қарсы және оны алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды, сауалнама жүргізілді.

 

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің қызметкерлерімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық - түсініктемелік жұмысты жүргізу бойынша кеңес

Мемлекет басшысының бес институациялдық реформасын іске асыруда   Ұлттық жоспардың – 100 нақты қадамның  орындалуына және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына сәйкес Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының у.м.а Б.М.Ахметжанованың төрағалық етуімен Департаменттің акт залында қызметкерлермен МӘМС жүйесін енгізу бойынша жұмысшы топтың мүшелерімен (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) ақпараттық - түсініктемелік жұмысты жүргізу бойынша кездесу өтті.

 Күн тәртібінде келесі сұрақтар талқыланды:

  1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі»;
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық - түсініктемелік жұмысты жүргізу

       БМСК қалалық орталығы директорының орынбасары - Влада Витальевна Кузичева мен №2 поликлиниканың 3 бөлімшесінің меңгерушісі Ольга Анатольевна Иохимнің баяндамалары тыңдалды.  

      Департамент қызметкерлерімен кездесуде МӘМС жүйесі туралы толық түсініктеме берілді және қызықтырған сұрақтар бойынша жауаптар алынды. Айта кету керек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – ол денсаулықты қорғау саласындағы мемлелекеттік әлеуметтік жүйені қорғау болып табылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық азаматтарын, жынысына, жасына, әлеуметтік статусына, мекен жайы мен шығысына қарамай сақтандыруға, бірдей медициналық  және дәрілік көмекке қатысты  кепілдік береді

Қарлагтағы еске алу мұражайы.

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің қызметкерлері Ұлы отан соғысының Жеңіс мерекесінің 72 жылдығына және Саяси құрғын-сүргін құрбандары еске алуды атап өтуге байланысты ұйымдастырылған ісшара шеңберінде Долинка поселкесіндегі «Саяси құрғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына» барды.

Мұражай Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қарағанды облысы әкімінің 24.02.2001 жылғы өкімімен құрылған, 1931 жылдан бастап 1959 жылдары бойынша бұзылған және мыңдаған саяси қамауда болған адамдардың тағдырлары жойылған  бұрынғы Қарлаг  басқармасының ғимаратында орналасқан.

Негізгі экспозицияның бөлігін сол уақыттағы жағдайды дәл ашатын  мұрағаттық материалдар-құжаттар,фотографиялар, көлемді заттар құрайды.  Кең көлемде «Сынған шаңырақ» композициясында, онда шаңырақ және оның кейбір сынықтары, қара басылған кесектермен- тоталитарлық режимі көрсетілген.Ол қазақ халқының өткен ғасырдағы жан түршігерлік саяси жазаланған ауыр жылдардың нышаны.

Қарағанды облысында құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу пилоты

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінде  құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу мәселесі бойынша «пилоттық» жоба щеңберінде кеңес өткізілді.

Кеңесті Департамент басшысының м.у.а Б.Ахметжанова ашып, жоғарыдағы жобаның іске асырылуы ерекше қатаң бақылауда тұрғанына, сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттің бюджеттік қаражатын тиімді пайдалануға шақырғанына тоқталды. Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алудың қазынашылық сүйемелдеу механизмі төлемдердің тазалығына, салық төлемінің толықтығына, құрылыс сапасының мониторингіне, бюджеттік қаржының мақсатты пайдалануына, қазақстандық қамтуды бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

            Кеңес барысында ЖБ ММ төлемдерін бекіту және бақылау бөлімінің басшысы Л.Бажикованың енгізілген «пилоттық» жобаға қатысты баяндамасы тыңдалып, мәселелер қарастырылды және презентациялық материалдар көрсетілді.

Наурыз мерекесін тойлау

Наурыз мейрамы – көктем мерекесін және табиғаттың жаңаруын Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері атап өтті.Қызметкерлер мерекелік күнде концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.М.Ахметжанова көктемгі күн мен түннің теңесумен ұжымды салтанатты түрде құттықтады.Ұлттық инструментте ойнап, шығармашылық өлеңдер айтылып, мерекеде адамдардың табиғатпен бірлігін және үйлесімдігін, мейірімділігін және игілігін білдірді.

Еліміздің үшінші жаңғыруы – қазіргі заманның талабына жауап

         Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінде Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты жолдауы туралы кеңес өтті.

        Кеңесті Департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Ахметжанова ашты, жиында Жолдаудың барлық бағыттарын мемлекеттік қызметшілерге және барлық қазақстандықтарға жүктелген жұмыстарды жауапкершілікті жете түсінбейінше  іске асыру мүмкін емес екендігін атап айтты.

         Кеңес Елбасы Н.А.Назарбаевтың видеоүндеуін көруден басталып:Департамент басшысының орынбасары Ж.Хасеновтің «Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Жолдауы туралы», персоналмен жұмыс істеу бойынша бөлімінің басшысы А.Газалиеваның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет туралы», әкімшілік бөлімінің басшысы А.Молдабаеваның «Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы», ҚЖТС және АҚ бөлімінің басшысы С.Баймағанбетовтің «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» атты баяндамалары тыңдалды,

        Кеңес барысында: Елбасы белгіленген, Жолдаудың үшінші және бесінші басымдығы талқыланды, қызметкерлердің назарын экономиканың қайта құрылған жаңа курсына, бюджеттің процедураларын жеңілдетуге қатысты бөлігінде тез және тиімді тәсілді нақты экономикаға жеткізу үшін көңіл бөлуге,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою себептері, жемқорлыққа қарсы іс әрекет етудің күшті құралы жалпы қабыл алмауды күшейту мәселелері болып табылатыны туралы қаралды.

Еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

         Біздің еліміздің жиырма бесінші жылдығы - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің ұжымы салтанатты жағдайда атап өтті. Мереке күніне қызметкерлер патриоттық концерттік бағдарламамен іс шара ұйымдастырды. Департамент басшысы А.Қ.Нұрпейісов мерекелік  сөз сөйлеп, басшының орынбасары М.К. Сүлейменоваға, қалалық қазынашылық басқармаларының басшылары С.З. Есімовке, Б.Ж. Шәкеновке «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін табыстады, сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне байланысты құрмет грамоталары табысталды.

м

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Астана қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 718450
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика