Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Павлодарская область

«2019 жылдың 13 сәуірінде мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті»

2019 жылғы 13 сәуірде мемлекеттік қызметшілер арасында XVII облыстық Спартакиада бағдарламасы аясында Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінің командасы үстел теннисі бойынша жарыстарға қатысты. 16 команда арасында Департамент командасы бірінші орынға ие болды.  

«2019 жылдың 13 сәуірінде Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті»

2019 жылғы 13 сәуірде Павлодар қаласын абаттандыру айлығы шеңберінде Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

  

«2019 жылдың 11 сәуірінде ауылдық округтер әкімдерімен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті»

2019 жылғы 11 сәуірде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Орловка ауылында Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың,  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өкілі, Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Е.С. Смағұловтың ,басшының орынбасары А.С. Әубәкірованың және Павлодар облысының 147 ауылдық округтері әкімдерінің қатысуымен Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

         Кеңесте 2018 жылғы қызметтің қорытындысы, 2020 жылдан бастап ауылдық округтердің бюджеттің 4 деңгейіне көшуге дайындық мәселелері шығарылып, проблемалық мәселелер талқыланды.

 Кеңес аяқталғаннан кейін сұрақ-жауап түрінде семинар өткізілді.

 

«2019 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитетінің Павлодар обылсы бойынша Қазынашылық департаментінің алқа мәжілісі өтті»

   2019 жылддың 5 наурызында Павлодар обылысының Қазынашылық департаментінде құрылымдық бөлімшелер мен қазынашылық аумақтық органдардың басшыларымен алқа отырысы өткізілді.

Алқа отырысы барысында қазынашылық департаментінің 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған міндеттері айтылды. Бұдан әрі К. Байжанова "аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларының 2018 жылғы қызметін рейтингтік бағалау нәтижелері" тақырыбында баяндама жасады.Успен аудандық қазынашылық басқарма басшысы Н.Сагатова , Баянауыл аудандық қазынашылық басқарма басшысы  Р. Калина, Тереңкөл аудандық қазынашылық басқарма басшысы  Г. Карбозова "2018 жылғы рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша ең төмен бал алған аудандық қазынашылық басқармаларының қызметінің қорытындылары және олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар"тақырыбында баяндама жасады. Алқа отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің қазынашылық департаментінің басшысы Е.С. Смағұловпен 2019 жылы жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

«15 февраля 2019 года состоялся семинар-совещание с государственными учреждениями в РГУ Департаменте казначейства по Павлодарской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан»

15 февраля 2019 года  РГУ «Департамент казначейства по Павлодарской области» проведен семинар-совещание с  работниками финансовой службы государственных учреждений, финансируемых из республиканского и местном бюджетов.

          Цель данного мероприятия – разъяснение по изменениям и дополнениям в Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года №1089 « О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания», также уменьшения количества возвращенных (отклоненных) финансовых документов.

«2019 жылдың 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитетінің Павлодар облысы бойынша Қазынашылық Департаментінде мемлекеттік мекемемелермен семинар-кеңес өтті»

2019 жылғы 15 ақпанда Павлодар облысы бойынша қазынашылық Департаментінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметкерлерімен семинар–кеңес өткізілді.  Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты - «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1089 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен толықтырулар талқыланып  түсіндірілді, және қаржы құжатардын қайтарылған (қабылданбаған) санын азайту.