Шымкент - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Шымкент

«Қазынашылыққа ұсынылатын қаржы құжаттарын дұрыс ресімдеу»

2019 жылдың  23 қаңтар күні Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде  2018 жылы ең көп қаржы құжаттарды ұсынған  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемелекеттік мекемелермен дөңгелек стол өткізілді.   Қаржы құжаттарды қалыптастырып ұсынған кезде жіберілген қателіктермен кемшіліктерге  және екінші деңгейдегі банктерден қайтарылған құжаттарға талдау жүргізілді. Мемлекеттік мекеме өкілдеріне   Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» талаптарын басшылыққа алып жұмыс жүргізу   қажеттілігі айтылды.

       Сонымен қатар, алдағы уақытта ұсынылған қаржы құжаттардың өндеу   уақытын қысқарту және  қателіктер мен кемшіліктерге жол бермей, сапалы орындау туралы мемлекеттік мекеме өкілдері мен қазынашылық департамент қызметкерлері ескертілді.

       Тақырып шеңберінде қойылған сұрақтарға  нақты жауаптар берілді.        Жиналыс соңында департамент басшысы К.Шарафиева       дөңгелек столға қатысушыларға қатысқандары және өзара түсіністік білдіргендері үшін  алғысын білдірді.

 

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы

2018 жылы 25 қазан күні Шымкент қаласы  бойынша Қазынашылық департаментінде «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы  бойынша  департаменті» РММ маманы С.Забиров  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері» тақырыбында лекция оқып, Әдеп нормаларына қатысты сұрақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, видеороликтер көрсетті.

          Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, үстеме жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөлуіне байланысты, Агенттікпен бекітілген кешенді жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстарына мониторинг жасау бойынша сауалнама жүргізілді. 

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдау

         2018 жылы 10 қазан күні Шымкент қаласы  бойынша Қазынашылық департаментінде мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.А.Есебаеваның қатысуымен Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы  Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты халыққа Жолдауының негізгі ережелерімен департамент қызметкерлері таныстырылып, талқыланды.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Астана қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 717435
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика