Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Нашар көретіндерге арналған
Menu
+7 7172 718450

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті

2017 жылдың 25 тамызында оқу жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінде 2017 жылдың 25 тамызында ҚР ІІМ ШҚО бойынша Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері «Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері қызметкерлерінің, сондай-ақ әкімшілік және объектілерқызметкерлерінің террористік тұрғыда осал қаупі төнген жағдайда террористік сипаттағы әрекеті бойынша Әдістемелік құралы» тақырыбында оқу жүргізілді.

2017 жылы 16-18 маусым аралығында волейболдан жарыс өткізілді.

ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесіне арнайы және Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілері арасында 2017 жылы 16-18 маусым аралығында волейболдан жарыс өткізілді.  Жарыс нәтижесінде,  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті құрметті І орынға ие болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Шығыс Қазақстан облысында «Бірыңғай теңгерімұстаушы» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

2017 жылдың 15-16 маусымында Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Қ. Тортаев  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары жүзеге асырып жатқан «Біріңғай теңгерім ұстаушы» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Тортаев Қаржы Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық органдарының басшыларымен «Біріңғай теңгерім ұстаушы» тақырыбына мәжіліс өткізді.

Кездесуде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы М.Төлегенұлы және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы А.Б. Қарсыбаев баяндама жасады. Сондай-ақ, сапар барысында Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Жарма және Бородулиха аудандары және Семей қаласы бойынша қазынашылық басқармаларында  болып қайтты.

Қазынашылық органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық барлық қоғамдық тетіктердің қалыпты жұмыс істеуін қиындатып, әлеуметтік жаңару мен ұлттық экономиканы жаңғыртуға кедергі болып отырғаны, қазақстандық қоғамды қатты алаңдатып, мемлекеттік институттарға сенімсіздік тудыратыны жасырын емес.

Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтық қоғам институттары, ұйымдар  мен жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-жігерін шоғырландыру мақсатында,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы қабылданып, ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

Сөйтіп, елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету үшін қажетті нормативтік база құрылып, одан әрі жетілдірілуде. Бұл актілер жиынтығы ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық және кадрлық шаралар жүйесін құрап, қоғамның барлық деңгейлерін қамтиды және сыбайлас жемқорлықтың түбегейлі себептерін жоюға бағытталған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары қабылданып, ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінде 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді.

Қазынашылық органдарының қызметі, ең әуелі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруда тиісті шаралар кешенін іске асыру болып табылады. 

Қазынашылық департаментінің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және Департаменттің қалыпты қызметін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылады, сонымен қатар түсіндіру жұмыстары, атқарушылық тәртіпті күшейту және қазынашылық органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін бөлімше басшылары мен тікелей орындаушылардың жауапкершілігін арттыруда тиісті іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы           № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің сақталуы қатаң бақылауға алынған. Департамент пен аумақтық органдарда «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Әкімшілік ғимараттарда азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәшіктер орнатылған. Баршаға көрінетіндей жерде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті тәртіптік кеңесінің және тәртіптік кеңес хатшылығы меңгерушісінің сенім телефондары, сондай-ақ хабарландыру және кеңес алу, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың электрондық өтініштерін қабылдау үшін Call-орталығы мен Департамент сайты туралы ақпарат орналастырылған. Барлық өтініштер белгіленген мерзімдерде қаралып, тиісті шешімдер қабылданады. Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын өздерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны міндетті түрде тапсырып отырады, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды. Мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқаруына, сондай-ақ мүдделер қақтығысына жол бермеу қатаң бақылауға алынған. Мемлекеттік қызметке қабылдау меритократия қағидасын сақтай отырып, конкурс негізінде ғана жүзеге асырылады.

Нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бөлігі болып табылады. Осыған орай, Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау мақсатында, басшының бұйрығымен Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі Комиссия құрылды. Аталған комиссия жылына екі рет Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар көрсетілген талдамалық анықтама жасалып, мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы шоғырландыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге» Департамент қызметкерлері бірауыздан қосылды. Қазынашылық органдарының барлық қызметкерлері қол қойған ашық келісімге қосылу Актілері уәкілетті органға жіберілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілетін ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» атты сұхбат алаңының қорытындылары бойынша қабылданған Үндеуге сәйкес, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында облыстағы қазынашылық органдарында белгілі жұмыстар атқарылып, ұжым жиналыстары, семинарлар мен техникалық оқулар өткізілді. Атқарылған шаралар нәтижесінде қазынашылық қызметкерлері Үндеуді бірауыздан қолдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сезімге негізделген кәсіби стандарт ретінде қабылдады.

БАҚ құралдарында жарияланатын жағымсыз материалдарға қатысты мемлекеттік органдар қолданған шаралардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету мақсатында, Департаментте БАҚ жарияланымдарына күнделікті ақпараттық мониторинг жүргізіледі.  Департамент пен аумақтық қазынашылық органдарының ұжымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіруде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мамандарының қатысуымен  үнемі семинарлар өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттің жалпы басым міндеті болып табылады, сондықтан облыстағы қазынашылық органдары сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен шарттарды түп-тамырымен жою үшін барлық шараларды қабылдайды. 

 

                                 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық

                       департаментінің басшысы Мұқтар Төлегенұлы

«Діни экстримистік және лаңкестік ұйымдардың жалпы сипаттамасы»

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінде 2017 жылдың 5 мамырында ҚР ШҚО бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің терроризмге қарсы орталығы және ШҚО дін істері басқармасы ММ-нің дін зерттеу орталық қызметшілерімен діни қарым-қатынастар және терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асрылуына бағытталған «Діни экстримистік және лаңкестік ұйымдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбына оқу жүргізілді.

2017 жылдың 1 мамыр

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің  ұжымы  2017 жылдың 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай Өскемен қаласының Республикалық Алаңында өткізілген шеруге белсене қатысты.

«Террористтік қауіпке қарсы қимыл»

ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінде 2017 жылы 07  сәуірде жоспар бойынша азаматтық қорғаныс шараларына  департаменттің қызметкерлерімен  «Террористтік қауіпке қарсы қимыл» тақырыбында оқу өткізілді.  Оқуды Төтенше жағдайлар  бойынша департаментінің қызметкерлері өткізді.

 

ҚР Президентінің «Б» корпусындағы «әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге атестация жүргізу» туралы

ҚР Президентінің  «Б» корпусындағы «әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге атестация  жүргізу» туралы  Жарлығының  үшінші  кезеңі ШҚО бойынша қазынашылық  Департаментінде  (әрі қарай – Департамент)  орындалды.  Атестациялық коммиссия 2017 жылдың  03 сәуірінен   2017 жылдың 07 сәуірі аралығында Департаменттің  қызметкерелерімен,  аумақтық органдарының басшылары және  орынбасарларымен сұхбат жүргізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіруде Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы өкілінің қатысуымен өткізілген кездесу

2017 жылғы 20-21 ақпанда  Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары А.М.Байгужинаның қатысуымен Мемлекет басшысы –  Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруде кездесулер өткізілді.  Атап айтқанда, Өскемен қаласының әкімдігінде банк секторының қызметкерлерімен, мемлекеттік мекемелерінің бас бухгалтерлерімен кездесу; Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде, Қазақстан-Американдық еркін университетінде студенттермен және  оқытушылармен кездесу; «Нұр-Отан» партиясының Өскемен қаласындағы филиалында қала жұртшылығымен, жастармен және партия өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Астана қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 718450
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика