Жаднама - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Нашар көретіндерге арналған
Menu
+7 7172 718450

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *
A+ A A-

 

Құрметті әріптестер!

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек?

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:

  • заңдылық;
  • Қазақстандық патриотизм;
  • азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;
  • лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындағаманы және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
  • мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;
  • әдептілік;
  • құқық бұзушылықтарға төзбеушілік.

Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:

  • жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын сақтауға;
  • мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;
  • егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабалауға;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;
  • мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;
  • мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
  • егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;
  • қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
  • өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;
  • қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;
  • лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;
  • пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;
  • қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;
  • мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;
  • шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сайымсыз қолдау көрсетпеуге;
  • қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;
  • қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы;
  • Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;
  • өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі ушін пайдаланбауға;
  • әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
  • қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
  • әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;
  • сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;
  • көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;
  • мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.

Қызметтік әдеп нормаларын қолдануда талас туындаған жағдайда Сіз мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкіліне (ол жөнінде ақпарат мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған) және Агенттікке 8 (717) 275-34-12 телефоны арқылы немесе оның аумақтық құрылымдарына шағымдана аласыз.

Құрметті әріптестер!

Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді.

Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.

Add comment

Security code
Refresh

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Астана қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 718450
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика