Қазынашылықтың 25 жылдығы - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

25-летие Казначейства

Қазақстан Қазынашылығының 25-жылдығына арналған қазынашылар арасында қорытынды спартакиадасы өтті

            2019 жылдың 12 қазанда Қазынашылық комитеті өзінің қызметкерлері арасында қорытынды спартакиаданы өткізді.

            Қазақстан Қазынашылығының 25-жылдығына арналған спартакиадасы қазынашылық органдарының қызметкерлеріне белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесін және корпоративтік рухты көтеру мақсатында өткізілді.

Спорттан бақ сынасуға  спартакиадаға 12 қазынашылық аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері келген. Жарыстар спорттың үш түрінен: мини-футбол, волейбол, үстел теннисінен өтті.

           Ойындардың қорытындысы бойынша мини-футболдан 1-ші орынды, яғни чемпиондық атақты Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің спортшылары жеңіп алды, 2-ші орынға Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті ие болды. Ал Қызылорда бойынша қазынашылық департаментінің жігіттері 3-ші орынды иеленді.

          Ерекше ойын көрсеткен мини-футболшыларға келесі номинациялар бойынша грамоталар табысталды:  «Үздік қорғаушы» Данияр Алтынбаев - Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментінің  құрамасынан, Оспанов Тимур - Қызылорда  облысы бойынша қазынашылық департаментінің командасынан «Үздік қақпашы» атағына ие болды, ал Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінен Джолдасов Нуржигит  «Үздік шабуылдаушы»  атанды.

            Волейбол ойыны бойынша Шығыс Қазақстан бойынша қазынашылық департаментінің командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе бойынша қазынашылық департаменті 2-ші орынға, Солтүстік Қазақстан бойынша қазынашылық департаменті 3-ші орынға ие болды. Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің  волейболшысы Нұржанова Камшат «Үздік доп қабылдаушы» номинациясының иегері болды, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінен Қазыхан Бекжан «Үздік доп шабуылдаушы», ал «Үздік доп беруші» номинациясы Ақтөбе бойынша қазынашылық департаментінің ойыншысы Амантаев Дарынға бұйырды.

            Үстел теннисінен  Шығыс Қазақстан бойынша қазынашылық департаментінің командасы қарсыластарын шаң қаптырып кетсе, Жамбыл бойынша   қазынашылық департаментінің теннисшілері тұғырдың 2-ші сатысына табан тіреді.  Бұл ойын бойынша 3-ші орынды  Ақмола бойынша қазынашылық департаменті жеңіп алды. Ерлер арасында «Үздік ракеткасы» атағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің командасынан Әсетұлы Серік ие болса, әйелдер арасындағы «Үздік ракеткасы» номинациясын Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаментінің командасынан Нурпейсова Айгүл мен Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінен Назарова Айгерімге бөліп алды.

            Қазынашылық комитетінің төрағасы Ашуев Айдын Жумабекович жеңімпаздарға кубоктар,  дипломдар мен грамоталар табыс етті.

 

 

 

Қазынашылық комитетінде Қазақстан Қазынашылығының 25-жылдығына арналған «Қазынашылық: өткені, бүгіні мен келешегі» семинары өтті

          2019 жылдың 11 қазанда Қазынашылық комитетінде  Қазақстан Қазынашылығының 25-жылдығына арналған «Қазынашылық: өткені, бүгіні мен келешегі» тақырыбында семинары өтті.

          Семинар Қазынашылық комитетінің төрағасы  Айдын Жұмабекұлы Ашуевтың басшылығымен өтті. Оған Қазынашылық комитеті орталық аппаратының және облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

          Семинар барысында бірінші  болып  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы А.Ж. Сакипкереев «Қазынашылық органдарында IT пайдалану» тақырыбына баяндама жасады.

          Бұдан әрі, Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары  С.К. Кударов, Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары  К.С. Байсариев, Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Б.Г. басшысының орынбасары  Байдуйсенов баяндамаларын оқыды.

           Қазынашылық комитетінің Талдау және бағалау басқармасы басшысы Т.К. Чиканаев   «Қазынашылыққа 25 жыл: жетістіктер мен перспективалар»  тақырыбындағы баяндамасымен семинарды аяқтады.

           Семинарға қатысушылар Қазынашылықтың тарихын тыңдады, қазынашылықтың ақпараттық жүйесін іске асыру және пайдаланумен  танысты. Сондай-ақ, семинарда қазынашылықты одан әрі дамыту туралы, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты,  проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды. Семинар барысында қатысушылар пікір алмасты.