Новости - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Жаңалықтар

Новости

Мемлекеттік құнды қағаздар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан қор биржасына 20-жылдық МЕУКАМ-240-шы (KZKD00000741) екінші номері шығаруы өтеу күні 2034 жылы 12 мамырда 70 млрд. теңге орналастырылды, табыстылығы бойынша 8,64%, 108 % сұраныс  жариялған көлемге құралды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетінде 2019 жылғы 14 маусымда семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетінде 2019 жылғы 14 маусымда Қазынашылық комитеті төрағасының м. а. А. М. Байғужинаның төрағалығымен және облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері басшысының орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізудің екінші кезеңі, сондай-ақ қазынашылық органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Тұжырымдамалық тәсілдер зерделенді, жобаларды іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, шешу әдістері мен жолдары қаралды, пікір алмасу жүргізілді.

 

Қазынашылық комитетінде дәріс өтті

2019 жылғы 11 маусымда Қазынашылық комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі   К. Б. Арыстанбекова Қазынашылық комитетінің қызметкерлеріне оқыту дәрістерін өткізу бойынша іс-шара ұйымдастырды.

 Дәріс барысында Қаржыландыру жоспарларын орындау басқармасының басшысы Н. Х. Жақсылықова "Жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оған өзгерістер енгізу" тақырыбына және Төлем операциялары басқармасының басшысы Н.Ш. Мұхаметәлі "Ұлттық Банктің төлем жүйесінің Қазынашылық жүйесімен өзара іс-қимылы" тақырыбына баяндама жасады.

Техникалық оқу барысында Қазынашылық комитетінің қызметкерлері түсімдер және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру бойынша жоспарлар жобаларын қабылдау, оларды тексеру, жинақтауды жүзеге асыру, теңгерімдеу және бекіту кезеңдерін қоса алғанда, жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру процесімен танысты. Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінің жұмыс істеу мәселелері талқыланды және Қазынашылық комитетінің төлемдері туралы статистикалық мәліметтер келтірілген.

 

Мемлекеттік құнды қағаздар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы 10 маусымда Қазақстан қор биржасына 15-жылдық МЕУКАМ-180-шы (KZKD00000956)  он төртінші номері шығаруы өтеу күні 2033 жылы 23 сәуірде, 50 млрд. теңге қайта орналастырылды, табыстылығы бойынша 8,60%, 100% сұраныс  жариялған көлемге құралды.

Баспасөз анонсы

2019 жылғы 26 маусымда сағат 15-00-де Нұр-сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша орналасқан «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Сұрақтарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекен-жайына жіберуге болады.

Кері байланыс үшін өз мәліметтеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің сұрақтарыныздың жауабы ҚР Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz сайтында халықпен кездесу өткізілгеннен кейін орналастырылады.

Call center: 8 (7172) 75-02-94, 75-04-55.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Мемлекеттік құнды қағаздар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы 03 маусымда Қазақстан қор биржасына 13-жылдық МЕУКАМ-156-шы (KZKD00000964) алтыншы номері шығаруы өтеу күні 2031 жылы 10 мамырда 50 млрд. теңге орналастырылды, табыстылығы бойынша 8,52%, 100 % сұраныс  жариялған көлемге құралды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы 2019 жылы 29 мамырдағы №Ж-283

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы 2019 жылы 29 мамырдағы №Ж-283 бұйрығымен Аскар Гусманович Джулдугулов ҚР ҚМ ҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Сырым аудандық қазынашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Аскар Гусманович Джулдугулов, 1985 жылы дүниеге келген. Бұрын атқарған лауазымы ҚР ҚМ ҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы 2019 жылы 29 мамырдағы №Ж-284

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы 2019 жылы 29 мамырдағы №Ж-284 бұйрығымен Алия Жалкеевна Есекеева ҚР ҚМ ҚК Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті Аққулы ауданының қазынашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алия Жалкеевна Есекеева, 1979 жылы дүниеге келген. Бұрын атқарған лауазымы ҚР ҚМ ҚК Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті Аққулы ауданының қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.

Қазынашылық комитетінде дәріс өтті

2019 жылғы 22 мамырда Әдеп жөніндегі уәкіл Кәмшат Арыстанбекованың ұйымдастыруымен Қазынашылық комитетінің қызметкерлеріне арналған тағылымдық дәріс өтті.

         Дәріс барысында Қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасының басшысы Зәуреш Мукушева «Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР Ұлттық Банкінің салымдарына орналастыру» тақырыбына, Түсімдерді есепке алу басқармасының бас сарапшысы Раушан Аубакирова «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын пайдалану және қалыптастыру көздері» тақырыбына баяндама жасады.

         Комитет қызметкерлері Ұлттық қордың құрылу тарихымен, оның пайдалану және қалыптастырылу көздерімен, Ұлттық қордың соңғы 9 жылдағы түсімдерінің талдау таныстырылды. Сонымен қатар, депозиттерді орналастыру, сыйақы мөлшерлемесі, орналастыру мерзімдері мен оларды қайтару механизмдері баяндалды.

 

 

Мемлекеттік құнды қағаздар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан қор биржасына 20-жылдық МЕУКАМ-240-шы (KZKD00000741) екінші номері шығаруы өтеу күні 2034 жылы 12 мамырда 41,5 млрд. теңге орналастырылды, табыстылығы бойынша 8,64%, 108 % сұраныс  жариялған көлемге құралды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Астана қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 717567
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика