Қазынашылық комитетінің төрағасы Ахметов А.Қ. Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен семинарға қатысты. - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Ағымдағы жылдың 13 - 19 мамыр аралығында Сеул қаласында Қазақстан мен Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің: Бангладеш, Индонезия, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Филиппин және Тәжікстан, қатысуымен «Қаржыларды басқарудың ақпараттық жүйелері саласындағы әлеуеттік арттыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинарға: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы және «Электрондық коммерция орталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрғисаев Темірлан Серікбайұлы қатысты.

Семинарды Кореяның dBrain деп аталатын Digital Budget and Accounting System қаржылық басқарудың ақпараттық жүйесін пайдалану және басқару үшін жауапты, Корея Республикасының Стратегия және қаржы министрлігінің жанындағы мемлекеттік орган болып табылатын Korean Public Financial Information Service Корея мемлекеттік қаржылық ақпарат қызметі ұйымдастырды.  

Қазынашылық комитетінің төрағасы семинарда орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының бюджетін атқаруды онлайн жүзеге асыратын Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерін таныстырылды. Сондай-ақ, Елбасының 100 нақты қадам ұлт жоспарын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші деңгейлі бюджетін сәтті енгізуі ұсынылды.

Семинарға қатысушылар қазынашылық органдардың қызметтерін цифрландыру саласындағы Қазақстанның жоғары жетістіктерін атап өтті.

Анықтама үшін: 2016 жылы Корея Республикасы электрондық үкіметті дамыту бойыншы әлемде үшінші орынды иеленді (UN E-Government Development Index), бюджеттің ашықтығы деңгейі бойынша 100-ден 92 баллмен (Open Budget Index) абсолютті көшбасшы деп танылды.

Тарихы: Кореяның қаржы секторындағы алғашқы реформалар 1990-шы жылдардың басында жүзеге асырылды. Қаржы дағдарысы кезінде 1997 жылдың ортасында қаржы секторындағы құрылымдық реформалар басталды. 2004 жылы Корея үкіметі dBrain деп аталатын барлық бюджеттік жобалар министрліктің орталық органында келісілетін және бекітілетін «Үш қосу бір реформасы» бюджеттік бастамасын іске қосты, оның құрамына ұлттық қорларды басқару жоспары, жоғарыдан төменге бюджеттеу, тиімділікті бағалау жүйесі, электрондық бюджет жүйесі және бухгалтерлік есепке алу кірді. 2007 жылғы желтоқсанда dBrain коммерциялық пайдалануға беріліп, 2016 жылдың 1 шілдесінде жүйе ресми түрде іске қосылды және Корея ақпараттық жүйесінің оперативті басқаруына берілді. dBrain - үшінші ұрпақтық ақпараттық жүйе (SALMI 1999 жылы бірінші ұрпақ, NaFIS 2000 жылы екінші ұрпақ) болып табылады. DBrain жүйесі жылына 100 миллион транзакцияны (немесе тәулігіне 67.000) жүзеге асырады, жалпы көлемі 4 триллион Корей воны. Бұл жүйеге 15 мыңнан астам пайдаланушы қосылған.

Login to post comments
back to top

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 717567
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика