Эссе конкурсының қорытындысы - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Эссе конкурсының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылығының құрылғанына 25 жыл толуына орай, 2018 жылғы 1 желтоқсан-2019 жылғы 5 қаңтарда қазынашылық органдарының қызметкерлері арасында «Менің Қазынашылығым» тақырыбына эссе жазу конкурсы ұйымдастырылған болатын.

         Әрине, нақтылық пен дәлдікке дағдыланған қазынашыларға ойынан құрастырып, көркем шығарма жазу оңай шаруа болмасы белгілі. Бұл үшін қаржыгер-қазынашы:

  • естеліктерін есіне түсіріп;
  • қатып қалған шаблоннан шығып;
  • шабыт шақырып;
  • ойланып-толғанып;
  • жалқаулығын жеңіп;
  • өз-өзіне сеніп;
  • күмәнін көміп;
  • уақытын бөліп;
  • шыдамын шыңдап;
  • қаламын қамдап;
  • білегін түріп еңбектенуі тиіс.

Біздің қазынашылар бұл «пункттердің» бәрін орындап, «жігітке жеті өнер де аз» екенін дәлелдеп, әдеби тілмен әдемілеп эссе жазу өнерінен де құр алақан еместігін көрсетті.

Бас-аяғы бір айдың ішінде, конкурсқа 47 шығарма келіп түсті! Мейрамдар мен меймандарға қарамастан, желтоқсанда эссе жазғандарыңызға қатты риза болған ұйымдастырушылар жарысқа қатысқан барлық эссені сайтқа жариялау қажет деген шешімге келді.

Дегенмен, жарыстың аты – жарыс, жеңімпаздарды анықтау қажет. Дәл осы мәселе ұйымдастырушыларға қиын соқты: үздіктер саны бесеу түгілі, жиырмаға жетіп жығылатын секілді, эсселер бірінен-бірі өтеді. Бірін оқып, ішек-сілеміз қатып күлдік, бірін оқып отырып, көзімізге жас үйірілді. Көз алдымызға жиырма-отыз жыл бұрынғы тарихи күндердің, қиын-қыстау кездері қазынашылықта  жанкештілікпен қызмет еткен аға-апаларымыздың бейнесі келді. Әр облыс, әр ауданның жай-күйін, әр қызметкердің тынысын сезінгендей болдық.

Сонымен, кеңесе келе, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар осылар болар деп, 5 үздік эссені іріктеп алдық. Олардың авторлары:

  1. К.К.Жұмәділов – ШҚО бойынша қазынашылық департаменті;
  2. И.А.Ким – Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті;
  3. Н.Б.Сағатова – Павлодар облысы, Успен аудандық қазынашылық басқармасы;
  4. Р.А. Қойбақова – Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменті;
  5. Ә.Т.Ергешова – Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаменті;

Сондай-ақ, Б.Ш. Қашқынова – қазынашылық қызметінің құрметті зейнеткері, ардагері ретінде 6 орынға ие болды (Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық қазынашылық басқармасы).

Әріптестеріміздің шығармаларымен осы жерде танысуға болады. Ол үшін мына папканы жүкеп алу қажет:

Login to post comments
back to top

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 717567
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика