Комитет басшылары - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *
A+ A A-

Комитет басшылары

Ашуев Айдын Жумабекович

 

Қазынашылық комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2019 жылғы 28 тамыздағы №868 ж/қ бұйрығымен  тағайындалды

1976 жылы 26 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген, білімі жоғары. Экономист біліктілігі беріле отырып, Қаржы және несие ОҒК «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, экономика және бизнес магистр дәрежесі беріліп, Қаржы академиясынның магистратурасын аяқтады.

 Еңбек жолы

1995 - 1999 жж. аралығында ТОО «Ақжол» ЖШС менеджері лауазымынан бастады.

2000 - 2007 жж. мемлекеттік және жеке ұйымдарда түрлі қызметтер атқарды.

2007 жылдың шілдесінен  2008 жылдың тамызына дейін   «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ Корпоративтік басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдың тамыз айынан бастап - «ҚазАгроГарант» АҚ «ҚазАгро» Ұлттық холдингі»  АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2009 жылы- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Материалдық резервтер мемлекеттік комитетінің «Резерв» РМК бас директорының орынбасар қызметін атқарды.

2009 жылдың қарадан 2011 жылдың шілдеге дейін  «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директоры қызметін атқарды.

2011 -2014 жж.  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың тамыздан 2015 жылдың желтоқсанға дейін  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдың сәуірінен  2018 жылдың шілдесіне дейін  «ҚазТранГаз» АҚ «Амангелді Газ» ЖШС бас директорының  экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

2019 жылдың  қаңтарынан 2019 жылдың тамызына дейін  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Мемлекеттік және басқа марапаттар:  «Ерен еңбегі үшін» медалі -03.12.2015 ж., «Қазақстан Республиканың Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі -05.08.2015 ж., «Статистика үздігі» төсбелгісі – 08.11.2012 ж., «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен -10.11.2011 ж.

 

Байгужина Айгүл Мырзатайқызы

Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасар

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № Л-693 бұйрығымен тағайындалды

Еңбек жолын

1987 жылы Көкшетау облысы Чистополь аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік табыстар аға экономистіболып бастап,кейіннен,мемлекеттік табыстар инспекциясының бастығы, салық инспекциясы бастығының орынбасары лауазымдарына тағайындалды.

Қазынашылық жүйесінде 1998 жылдан бастап қызмет етеді.

1999 жылдан бастап басшылық лауазымдарды атқарып келеді.

1999 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті қаржылық жоспарлау, үкіметтік борышқа және резервке қызмет көрсету басқармасы қолма-қол ақша ағынын болжау және талдау бөлімінің бастығы.

2001 жылғы мамырдан бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Түсімдерді тіркеу және бөлу басқармасы бастығының орынбасары.

2004 жылғы қазаннан бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ішкі бақылау басқармасы ішкі бақылау бөлімінің бастығы.

2005 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ішкі бақылау басқармасы мемлекеттік бюджетке есептеу-кассалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы.

2005 жылғы ақпаннан бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ішкі бақылау басқармасы бастығының орынбасары.

2006 жылғы наурыздан бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Төлем операциялары басқармасы валюталық операциялар бөлімінің бастығы.

2007 жылғы маусымнан бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Түсімдерді есепке алу басқармасының бастығы.

2010 жылғы қарашадан бастап ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Төрағасының орынбасары.

Үлгілі мемлекеттік қызметі және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазынашылық комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталған, «Қаржы қызметінің үздігі» деген атаққа ие.

Байгенжина Әлия Құрманқызы

Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.

ҚР ҚМ Жауапты хатшысының 12.01.2018ж. №31-л/с бұйрығымен тағайындалды.

Еңбек жолын

1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (ҚР ҚМ) Бюджет департаменті Материалдық өндіріс басқармасы Өнеркәсіп, инвестицияларжәне табиғи ресурстар бөлімінің экономисті лауазымынан бастады.

Ары қарай 1998-2001 жылдар аралығында келесі қызметтерді атқарумен жалғастырды:

ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Материалдық өндіріс басқармасы Өнеркәсіп, инвестициялар және табиғи ресурстар бөлімінің жетекші экономисті;

ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Материалдық өндіріс басқармасы Өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бас экономисті;

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасы Өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бас экономисті.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасы Өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бастығы.

2003 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын қаржыландыру департаменті Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағйындалды.

2004-2005 жылдар аралығында "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Стратегиялық жоспарлау және сыртқы байланыстар орталығының және "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қорғанысты, құқық қорғау жүйесін және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары;

ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары;

ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті директорының орынбасары;

ҚР Қаржы министрлігі бюджетті атқаруды талдау, бағалау, есептілік және мемлекеттік қаржы статистикасы департаменті директорының орынбасары.

2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2016 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.

2018 жылғы қаңтардан бастап Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хатымен, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің Алғыс хатымен, 2014 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, 20014 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен, 2016 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» кеуде белгісімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медальмен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 717567
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика