Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Актюбинская область

Қазынашылық департаменті қызметкерлерінің мұражайға баруы туралы

Қазынашылық департаментінің (әрі қарай - ҚД) Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жоспарына сәйкес, оның ішінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ҚД қызметкерлері Қобда ауданында атақты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған жерінде болып қайтты.

Әлия Молдағұлова атындағы ауылда олар мұражайға барып, онда Әлия атындағы экспонаттармен, сондай-ақ ауыл, аудан тарихымен танысты. Қобда ауданы Әлия Молдағұловадан бөлек тағы Кеңес Одағының жеті батырларының отаны.

Белгілі философ Асан қайғының ұлының құрметіне салынған АбатБайтақ кесенесіне де барды. Бұл бірегей мүсіндік ескерткіш Қазақстан аумағында теңдесі жоқ Алтын Орда (XIII - XIV ғасыр) уақытына жатады.

Қобда ауданына саяхат туған өлкесінің тарихы туралы көп қызықты және жаңа мәлімет алуға мүмкіндік берді.

Қазынашылық департаментінде өткізілген семинар туралы

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және тренинг өткізу» тақырыбында семинар өткізілді.

         Семинарда барлық қызметкерлер мемлекеттік қызметшілердің іс - сапарларда және басқа да қызметтік қажеттілікке байланысты тұрақты жұмыс орнынан тыс жерлерге шығу кезіндегі мінез – құлқы туралы Жадынамамен таныстырылды.

         Сонымен қатар, жалпы қабылданған моральдық – әдептілік нормаларын, оның ішінде әлеуметтік желілерде де ұстану керектігі туралы ескертілді.

         Шақырылған психолог- консультант «Тиімді қарым - қатынас» тақырыбында тренинг өткіздіп, ұжымдағы қарым- қатынас, әр – түрлі арналардан ақпаратты қабылдау, жаңжалды жағдайларда коммуникативтік дағдыларды пайдалану туралы айтып, берілген білімдерді жаттығулар арқылы бекітті.

 

 

«Мансап» мемлекеттік қызмет мектебі студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің «Мансап» студенттік мемлекеттік қызмет мектебінің оқу кестесіне сәйкес МҚІА өкілдерінің қатысуымен Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Д.Б.Амренова 2019 жылғы 17 мамырда  студенттермен өткізілген кездесуде болды.

Әңгімелесу түрінде өткізілген кездесу барысында Департамент басшысы Қазынашылықтың қызметі және оның негізгі бағыттары туралы, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып, қазынашылық өмірінің қызықты деректерімен бөлісті. Департаментке жас мамандарды тарту және оларды оқытуға көп көңіл бөлінетіні  туралы атап айтылды. Мемлекеттік қызметтегі реформалар, меритократия принциптеріне негізделген іріктеу жүйесінің енгізілуі, лайықты жас қазынашы кадрларын  іріктеуге және тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кездесуге Департаменттің персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Р.Қ.Қожаева, жас маман А.Б.Әділов қатысып, Департаментте мемлекеттік қызметті өткеру, осы саладағы реформалар туралы өздерінің пікірлерімен бөлісті.

 Қазынашылық өмірінен бейнеролик, слайдтар  көрсетілді. Студенттерді қызықтырған  сұрақтарға жауаптар берілді.