Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Атырауская область

Атырау облысы бойынша қазынашылық департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңес отырысының қойылымы қойылды.

2019 жылдың 21 маусымында Атырау облысы бойынша қазынашылық департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңес отырысының қойылымы қойылды. Қойылым  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің ұсынған сценарийі негізінде қойылды. 

Қойылымды қоюдағы мақсат - тәртіптік іс қаралған қызметкердің жағдайын басынан өткеру арқылы олардың қызмет барысындағы жауапкешілігін күшейту  және  этикалық бұзушылықтардың мысалдарын және рұқсат етілген және тыйым салынған нәрселердің шекараларын ажыратуды үйрену, заң нормалары мен талаптарын, этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіну болды. Бұл әдіс мемлекеттік қызметшілердің сана-сезімін жылдам өзгертуге бағытталғанын атап өткен жөн.

Қазақстан қазынашылығына 25 жыл

Атырау қаласында  2019 жылдың 11-12 сәуір аралығында Қазақстан Қазынашылығының 25 жылдық мерейтойына сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстық Қазынашылық департаменттері қызметкерлерінің қатысуымен «Қазынашылық: өткені, бүгіні мен келешегі» тақырыбында шара ұйымдастырылды. Департамент басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде қазіргі уақыттағы қазынашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер арасында спорт пен дене шынықтыру мәдениетін насихаттау, корпоративті рухты көтеру, ұжымдағы моральді-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында спартакиада өткізілді. Спартакиаданы Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т.Әжіғалиева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мини-футбол, волейбол, үстел теннисі түрлерінен сайысқа түскен қазынашыларға Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы М.Лұқпанов, Атырау облысы бойынша Қаржы басқармасының басшысы Н.О.Бисембиев, Атырау облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Р.Б.Бектемір спортшыларға жеңіске жетулеріне өз тілектерін арнады. Дөңгелек үстелде ең үздік деп танылған баяндама авторлары және спорттың әр түрінен жеңіске жеткен командалар марапатталып, Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін финалдық ойындарға жолдама алды.

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесі департаменттің барлық қызметкерлерінің   қатысуымен өз дәрежесінде аталып өтті. Шараға Қазынашылық саласының ардагерлері шақырылып, мереке төрінен орын алды. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі – «Сырға салу» рәсімінен көрініс қойылып, ән-жырдан шашу шашылды.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» шарасы

           Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасымен таныстыру мақсатында «галстуксыз кездесу» шарасы ұйымдастырылды. Бағдарлама мазмұны слайд түрінде көрсетіліп, ұжым арасында бағдарламаның мақсаты мен жүзеге асыру жолдары кеңінен талқыланды. Мемлекеттік қызметті жақсарту және мемлекеттік қызметшілердің ролін арттыру мақсатында қызметкерлердің пікірі мен ұсыныстары тыңдалды.

«Алға басу-движение вперед» мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген спорттық жарыстар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде 2018 жылғы 23 маусымда мемлекеттік қызметші күніне орай табиғат аясында департамент және аудандық қазынашылық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен спорттық шаралар өткізілді. Іс-шараға 40-тан астам адам қатынасты.

Әр түрлі спорттық жарыстар өткізіліп, атап айтқанда 1,5 шақырым қашықтыққа жүргіру, арқан тартысу және тағы басқа да сайыстар өткізілді.

Спорттық жарыстарда бірінші орынды Қазынашылық Департаментінің «Достық» командасы, екінші орынды Қызылқоға және Мақат аудандық қазынашылық басқармаларының «Үйшік командасы», үшінші орынды Исатай және Махамбет аудандық қазынашылық басқармаларының «Исатай-Махамбет» командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары және қатысушылары марапат қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты мәжіліс өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде 2018 жылғы 22 маусымда мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты мәжіліс өткізілді.

Департамент басшысы А.К. Шанкиев мемлекеттік қызметші күніне орай ұжымға құттықтау тілектерін білдірді.

Мәжіліс барысында жас мемлекеттік қызметшілердің Т.Бержанованың және С.Едилбаеваның Қазақстан халқына және мемлекетке адал қызмет көрсетуге салтанатты түрде ант беруі рәсімі өткізілді.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

9 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында Мәңгілік алауға гүл шоғын қою салтанатты рәсімі болып өтті. Бұл шараға Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің ұжымы түгелдей дерлік қатысып,  Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, аталған шаралар әр аудандарда жалғасын тауып, аудандық қазынашылық басқарма қызметкерлері де өз үлестерін қосты.  

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай департаменттің ер-азаматтарына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Департаменттің әйелдер қауымы азаматтарға ізгі тілектерін жеке-жеке жыр шумақтарымен арнады. Мерекелік шара мерекелік тақырыпта ән мен биге ұласты.

 

«2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» ережеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдануда туындаған мәселелер» атты семинар өткізді.

 

          2018 жылдың 27 сәуірінде «Қаржы және сатып алу Академиясы» ұйымдастырылуымен ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасы басшысы Е.Г.Сеитовтың және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ведомствалық бақылау басқармасының бас эксперт – бас қазынашысы А.А.Биболдинованың қатысуымен Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында «2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ережеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдануда туындаған мәселелер» атты семинар жүргізілді.

           Семинарда ҚР ҚМ мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасы басшысы Е.Г.Сеитов мемлекеттік сатып алу жүйесі, «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ережеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік сатып алу бойынша сұрақтарға негізделе кейбір заңнамалық актілерге өзгерістермен тоықтырылған Заң жоспары талқылады. Ал ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ведомствалық бақылау басқармасының бас эксперт – бас қазынашысы А.А.Биболдинова Қазынашылық органда практикада туындалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу бойынша, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдануда туындаған ақуалды сұрақтарды қозғады. Аталған шараға 100-ден астам мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. Семинар соңында, барлық қатысушыларға біліктілігін арттыру сертификаттары ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс сапары

2018 жылғы 16-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ж.Ташмагамбетовтың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Атырау облысына жұмыс сапары болды.

Белгіленген кестеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл ҚР Қаржы министрлігінің Атырау облысы бойынша аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі нормаларын түсіндіру жөнінде дәріс оқыды. Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігінің Атырау облысы бойынша аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесіп, мемлекеттік қызметкерлер мен Атырау облысының азаматтарын және заңды тұлға өкілдерін қабылдады.  

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

010000, Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даңғ., 11

Сайтты жасаған: ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы

1414
Қазынашылықтық ақпараттық жүйесі туралы сұрақтар үшін

Мәтінде қате бар ма? Қатені тышқанмен
белгілеп алыңыз да, CTRL+ENTER басыңыз

+7 (7172) 717567
Қазынашылық комитетінің сайты туралы сұрақтар үшін
Яндекс.Метрика