Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаменті

г. Нур-Султан

Жақсылық пен құрмет күні

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаменті 2019 жылдың  1 қазаны  күні Қарттар күні және қалалық қазынашылықтың          20 жылдығына арналған «Жақсылық пен құрмет күні» атты салтанатты        іс-шарасын өткізді. Аталмыш  іс-шараға Қазынашылық департаментінен зейнетке шыққан зейнеткерлер қатысты.                               

Іс-шара барысында ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы естеліктерін ортаға салып, қазынашылық департаментінің ұжымына алдағы уақытта зор табыстар мен жетістіктер тіледі.

Ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарлама мен мерекелік үстел ұйымдастырылды.

Мереке соңында Департамент басшысы қазынашылық жүйесін дамытуда табанды еңбегімен,  елеулі істерімен үлес қосқаны үшін  құрметті зейнеткерлерге  ризашылығын білдіріп, алғысхаттар табыстады.

Қалалық Спартакиада

            Қазақстан Республикасының елордасы Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында өткен қалалық Спартакиадаға Департамент қызметкерлері белсене қатысып, жарыс қорытындысы бойынша Департамент жалпыкомандалық II орынға ие болды.

  

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаменті

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Өлеңмен өрілген өмір

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде 2019 жылғы  19 маусымда қазынашылық саласында 20 жылдан астам енбек ете жүріп, «Анаға арнау»,  «Әкеме», «Табиғат», «Қоқи қаз», «Немере», «Балама» және т.б. 30 дан астам шығарманың авторы Төлемдерді бекіту және бақылау басқармасының бас маманы-бас қазынашысы Ләззат Нұрланқызы Тлеукенованың шығармашылығына арналған шығармашылық кеш өтті. Автор іс-шара соңында өзінің құрастырған өлеңдер жинағын әріптестерге таратты.

Кеш барысында  әріптестер Ләззат Нұрланқызының шығармаларын оқып, зор қошеметпен ыстық лебіздерін білдірді. Кеш соңында Департамент басшысы өзінің ризашылығын, шығармашылығына толағай табыс және қолжеткізген істі одан әрі жалғастыруға  тілек білдірді.

Парасаттылық және заңнын үстемділігі- табысты ұлттың кепілі

2019 жылғы 15 мамыр күні  «Парасаттылық және заңнын үстемділігі- табысты ұлттың кепілі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаментімен ұйымдастырылған    Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік қызметшілер және студенттер арасында өтетін аймақтық пікір сайыс (дебат) ойына  Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері қатысып, жүлдегі 1 және 2 орындарды иеленді. Сонымен  қатар,  белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Құрметті мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20-жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсында  «Қазақстан Республикасының 2018 жылғы үздік мемлекеттік қызметшісі» атағын жеңіп алған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Рахат Келдібайұлы Тоқбаевтың фотосуреті              Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев көшесінің бойында «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет» бастамасымен жарнамалық билбордта жарық көрді.

 

Волейболдан Спартакиада

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті 2019 жылдың     06 сәуірінде Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан өткен қалалық Спартакиадаға белсене атсалысып, жарыс қорытындысы бойынша II орынды иеленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Г.М.Унербекованың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» атты мақаласы «Астана ақшамы» газетінің 2019 жылғы 30 наурыздағы №36 (3851) нөмірінде мемлекеттік тілде жарық көрді.

Үстел теннисі бойынша Спартакиада

Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында өтетін жыл сайынғы қалалық Спартакиада аясында 2019 жылдың     16 наурызында үстел теннисінен өткен жарысқа Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері белсене атсалысты. Жарыс қорытындысы бойынша Департамент 4 орынға иеленді. Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті.

Шахмат пен дойбыдан Спартакиада

Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында өтетін жыл сайынғы қалалық Спартакиада аясында 2019 жылдың   2 наурызында шахмат пен шашкадан өткен жарысқа Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері белсене атсалысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Департамент шахмат бойынша  10 орынға және дойбы бойынша 5 орынды иеленді.