Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде 2019 жылғы 19 маусымда қазынашылық саласында 20 жылдан астам енбек ете жүріп, «Анаға арнау», «Әкеме», «Табиғат», «Қоқи қаз», «Немере», «Балама» және т.б. 30 дан астам шығарманың авторы Төлемдерді бекіту және бақылау басқармасының бас маманы-бас қазынашысы Ләззат Нұрланқызы Тлеукенованың шығармашылығына арналған шығармашылық кеш өтті. Автор іс-шара соңында өзінің құрастырған өлеңдер жинағын әріптестерге таратты.
Кеш барысында әріптестер Ләззат Нұрланқызының шығармаларын оқып, зор қошеметпен ыстық лебіздерін білдірді. Кеш соңында Департамент басшысы өзінің ризашылығын, шығармашылығына толағай табыс және қолжеткізген істі одан әрі жалғастыруға тілек білдірді.