Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Карагандинская область

Бюджеттің IV-ші деңгейін енгізудің екінші кезеңін жүзеге асыру шеңберіндегі көшпелі семинар-кеңес

           Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Қарқаралы қаласында «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 98 қадамы шеңберінде, сондай-ақ ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті төрағасы м.а. А.М. Байгужинаның 13.05.2019 жылы бекіткен екінші кезеңінің жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында 2000 адамға дейін ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу жөнінде облыстық көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесті Қарқаралы ауданының әкімі Мақсұт Х.М. ашып, Қарқаралы, Бұқар-жырау, Абай, Осакаров, Нұра, Шет, Ақтоғай аудандарының ауылдық округ әкімдері және есепшілері, Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімінің, мемлекеттік кірістер басқармасының, ішкі істер бөлімінің, Қазпошта, екінші деңгейдегі банктер бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің аудандық, қалалық басқармаларының басшылары және департаменттің бөлім басшылары қатысты. Жиынға қатысушылар төртінші деңгейдегі бюджетті енгізу барысында туындайтын мәселелерді, оларды шешу жолдарын талқылап, пікір алмасты.

Жиынның екінші бөлігінде өткізілген алқа отырысында Департаменттің 2019 жылғы 8 айда атқарған жұмысы қорытындыланды. Аумақтық бөлімшелердің қызметіне ведомстволық бақылаудың нәтижелері, қаржыландыру жоспарларын жүргізу, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу мен төлемдерді өткізудегі мәселелер, нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер талқыланып, отырыс қызу пікірталас форматында өтті.

Ресми бөлімнен соң ұжымды біріктіру мақсатында тимбилдинг форматында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Өлкетану мұражайларына экскурсия жасалды, қазынашылар Үш арыс, Мәди, Құнанбай мен Абай ескерткіштеріне тағзым етіп, Үш үңгір табиғат орнын тамашалады.

 

«Әкем, анам, мен – спорттық отбасы»

2019 жылдың 19 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» атты спорттық шара өткізілді. Қазынашылық департаментінің атынан ЖБ ММ төлемдерін алдын-ала бақылау және өткізу бөлімінің мамандары А.А.Коновалова мен Д.Б.Утеулинаның жанұялары қатысты. Жарыс нәтижесінде Коноваловтар отбасы жүлделі екінші орынға ие болды.

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Ұжым азаматтарына құттықтау сөздері арналып, естелік сыйлар тарту етілді. Мерекенің ерекше сәнін ҚР Ұлттық гвардиясы Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі келтірді.