Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Костанайская область

Республикалық және жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелермен семинар өткізу.

2019 жылдың 17 мамырында Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінде  республикалық және жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің қаржы жүйесі қызметкерлерімен «Төлем шоттарын қалыптастыру  кезінде мемлекеттік мекемелердің жауапты орындаушыларының жіберетін қателіктері», «Азаматтық - құқықтық келісім тіркеудегі сұрақтар» тақырыптарында   семинар өткізілді.

 

 

Бос орындар жәрмеңкесінде қатысуы туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен 2019 жылдың 17 сәуірінде У.Султанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ғимаратында кәсіби, дайындығы жақсы және қазіргі заманға сай кадрларды мемлекеттік қызметке жұмылдыру үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталған іс шарада персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл К.У.Абенова қатысты. Ол әкімшілік мемлекеттік лауазымға түсу үшін негізгі талаптар және конкурстық процедуралар жайлы және бар бос орындар туралы сөз сөйледі.

«Қостанай облысы бойынша аймақтық қазынашылық органдары бөлімшелерінің басшыларымен алқа өткізу»

2019 жылдың 19 сәуірінде Қостанай обылысы бойынша Қазынашылық департаментінде, Қостанай облысы бойынша аймақтық қазынашылық органдары бөлімшелерінің басшыларымен «2018 жыл үшін Қостанай облысы бойынша Қазынашылық Департаменті қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған тапсырмалары» тақырыбына алқа өткізілді.

Алқа отырысында құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен басшы орынбасарларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге, 2018 жыл үшін рейтингтік бағалау қорытындылары бойынша бірінші және соңғы орындарды иеленген қалалық, аудандық қазынашылық басқармаларының баяндамалары тыңдалды.

Алқа барысында 2018 жылдың қорытындылары тыңдалды, 2019 жылға арналған тапсырмалар берілді.

Қазақстан қазынашылығы құрылуының 25 жылдығына орай аймақтық спартакиада өткізу

Қазақстан қазынашылығы құрылуының 25 жылдығына орай Қостанай қаласында 2019 жылдың 20 сәурінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Қазынашылық Департаменттері өкілдерінің қатысуымен аймақтық спартакиада өткізілді.

Спартакиада үш спорт түрлері бойынша өткізілді: волейбол, үстел теннисі, мини-футбол. Бірінші жалпыкомандалық орынды Солтүстік Қазақстан командасы алды. Екінші орынды Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің спортшылары иеленді. Және үшінші орынды Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің командасы алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтамалар мен медальдармен марапатталды.

«Қазынашылық кеше, бүгін және ертең» тақырыбына дөңгелек үстел

Қазақстан қазынашылығы құрылуының 25 жылдығына орай 2019 жылдың 19 сәуірінде Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінде  Қазақстан Республиксы Қаржы министірлігі Қазынашылық комитетінің Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Қазынашылық Департаменттері, Қостанай облысы бойынша аудандық және қалалық басқармалардың  қатысуымен  «Қазынашылық кеше, бүгін және ертең» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Отырыста Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы А.Ж. Сакипкереевтің, Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Е.Б. Жахиннің, Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Е.Б. Ошақбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Баяндамаларда  қазынашылықтың құрылу тарихы, қалыптасу жолдары, 25 жылда қандай қиыншылықтар болғаны жайлы сөз айтылды. Сонымен қатар, баяндаушылар  бюджетті орындауда қазынашылық қандай рөл атқаратыны жайлы айтты.

«Ашық есіктер күні»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен  Қостанай облысында «Ашық есіктер күні» аясында 2019 жылы 28 ақпанда Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттермен кездесу өткізілді.

Персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл К.У. Абенова студенттер алдында сөз сөйледі, ол әкімшілік мемлекеттік қызметке тұрудың негізгі талаптары және конкурстық үрдістер туралы баяндады.

Берілген тақырып бойынша студенттерге слайд ұсынылды.

Сонымен қатар студенттер Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің мұражайына кіріп шықты, Қазақстан Республикасында және Қостанай облысында қазынашылық жүйесінің қалыптасқан тарихымен таныстырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңгеге 25 жыл.

15 қараша Қазақстанда Ұлттық валюта теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мереке атап өтіледі.

         Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінде Ұлттық валютаның 25 жылдығын тойлауға арналған салтанатты іс – шара ұйымдастырылды.

         Іш – шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты және 1993 жылы валюта айырбастауға қатысқан департамент қызметкерлері Б.А.Мукашев, И.А.Ким, Г.В.Смирнова, Л.И.Фесенко, Г.Г.Балапанова, Г-Б.Б.Утегенова, Б.Д.Танатарова және Д.Б.Бажинаны  алғыс хаттарымен марапаттады.

         Сонымен қатар  департаменттің грамоталарымен Қазынашылық  ардагерлері Н.В.Мальченко, Б.К.Аужанова, Н.И.Лаврова, Л.П.Минакова, Р.А.Демеева.марапатталды.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын түсіндіру.

2018жылдың 01 қарашасында Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан  халықына жолдауын түсіндіру үшін  ұжыммен кездесу өткізілді. Жолдауды түсіндірумен аймақтық кәсіподақтар ұйымының «Костанай облыстық кәсіподақ орталығы» төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Екатерина Васильевна Смышляева сөз сөйледі.

Е.В. Смышляева өз сөзінде ҚР Президентінің жолдауы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының өзекті сұрақтарына және алдағы уақыттада  қазақстандықтардың әл - ауқатын өсіру міндеттеріне арналғанын атап өтті.

Кездесу соңында ұжым Елбасы жолдауында қойылған басымдылықтар мен міндеттерді толық түсіндіргені  үшін спикерге алғыс айтты.