Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Павлодарская область

Әдістемелік көмек көрсету және мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелері бойынша

        2019 жылдың 7, 8 қарашасында Павлодар облысы бойынша қазынашылық Департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А.Е.Молдагалиевпен және персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Б.Н.Хасеновамен, Павлодар облысы бойынша қазынашылық Департаментінің Ертіс аудандық қазынашылық басқармасына және Павлодар облысы бойынша қазынашылық Департаментінің Ақтоғай аудандық қазынашылық басқармасына шығып, Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және әдістемелік көмек көрсетілді.

2019 жылғы 23 қазанда "Атамекен" ӨКП-де Қаржы вице-министрі Р. Б. Бекетаевтың тапсырмасын орындау үшін семинар-кеңес өткізілді, сол кеңесте Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Б. А. Биебаев баяндама жасады

          2019 жылғы 23 қазанда "Атамекен" ӨКП Қаржы вице-министрі Р. Б. Бекетаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушілермен, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен, "Атамекен" ӨКП және аумақтық қазынашылық органдарымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Б. А. Биебаев "Мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу"тақырыбына баяндама жасады.

 

2019 жылғы 25 қазанда Павлодар облысы бойынша қаржы басқармасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттің IV деңгейіне ауысатын Павлодар облысының ауылдық округтерінің әкімдерімен семинар-кеңес ұйымдастырды

          Ағымдағы жылдың 25 қазанында Павлодар облысы бойынша қаржы басқармасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттің IV деңгейіне ауысатын  Павлодар облысының ауылдық округтерінің әкімдерімен семинар-кеңес ұйымдастырды. Аталған семинарға Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары А. С. Аубакирова және департамент бөлімдерінің басшылары қатысты. Департамент басшысының орынбасары"2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Павлодар облысының 94 ауылдық округтерінің бюджетін IV деңгейіне көшуі бойынша дайындық жұмыстары туралы "тақырыбында баяндама жасады.

 

 

2019 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитетінің Павлодар обылсы бойынша Қазынашылық департаментінде мемлекеттік мекемемелермен семинар-кеңес өтті

       2019 жылғы 4 қазанда Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінде жергілікті (облыстық және қалалық) бюджетте тұрған мүдделі мемлекеттік мекемелердің және Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.

      Аталған іс - шараның мақсаты - "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 Бұйрығының 7-1 тармағына сәйкес сметалық құны екі миллиард теңгеден асатын жаңадан салынатын құрылыс объектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді жүргізу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізу.

«2019 жылғы 30 қыркүйекте " Инвесторлар үйінде " Павлодар облысының кәсіпкерлік басқармасы бақылау - қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы есебінің бірыңғай күнін өткізілді»

         2019 жылғы 30 қыркүйекте жылы "инвесторлар үйінде" Павлодар облысының кәсіпкерлік басқармасы бизнес - қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізді, оған Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары А. С. Әубәкірова қатысты. Аталған кеңесте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері туралы" және "Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты департаменттердің бақылау - қадағалау қызметі және оны жетілдіру шаралары туралы" мәселелер қаралды.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық нормаларын сақтау және мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүдделер қақтығысын басқару мәселелері бойынша

           2019 жылдың 6 қырқүйегінде Павлодар облысы бойынша қазынашылық Департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А.Е.Молдагалиев және персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Б.Н.Хасенова Павлодар облысы бойынша қазынашылық Департаментінің Шарбақты аудандық қазынашылық басқармасы қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық нормаларын сақтау және  мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүдделер қақтығысын басқару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

Қазақстанда Президенттік жастар кадрлар резервіне іріктеу басталды

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда Президенттік жастар кадрлар резервіне іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар – бұл Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы, жас мөлшері 35 жасқа дейін, жоғары білімді және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Резервшілерді іріктеу сабақтас бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау.

Қатысушылардың құжаттарын қабылдау үшін құжаттарды жинаудың автоматтандырылған онлайн-платформасы іске қосылды (PKRezerv.kz сайты).

Онлайн-платформа интуитивті интерфейске ие және оны пайдалану ыңғайлы.

Сайттың басты парақшасында үміткер Президенттік жастар кадрлар резервіне іріктеу процесі туралы деректермен инфографика түрінде таныса алады: кім және қалай қатыса алады, іріктеудің мерзімдері мен кезеңдерін біле алады.

Тіркелу рәсімі барынша оңайлатылған.

Үміткер өзінің ТАӘ, ЖСН, білімі мен жұмыс өтілі туралы мәліметтерді (жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін; білімі туралы құжат көшірмесін; еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесін), іріктеу кезеңдерінен өту үшін қалайтын тілін және ең бастысы қолданып жүрген электронды мекенжайы мен мобильді телефон нөмірін көрсеткен жөн.

Құжаттарға қол қойылған күні, үміткердің тегі, аты және әкесінің аты; кәсіби және жеке қасиеттері сипатталған мінездеме; үміткермен ынтымақтастық жасаудың ұзақтығы мен шарттары көрсетілген қолдаухат қоса беріледі.

Екінші кезең – үміткерлердің қабілеттерін тестілеу. Тест үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.

Үшінші кезең – үміткерлердің көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық болжам жасауын, уәждері мен құндылықтарын бағалау. Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өзінің әлеуметтік маңызды жобаларының тұсаукесерін жасауы тиіс. Эссе мен жоба жұмыстары жүйеде онлайн тәртібінде тексеріледі. Әділдік үшін үміткерлердің эссе жазу процесінің бейне жазылымын жүргізу жоспарланып отыр.

Төртінші кезең – Сараптама кеңесінде әңгімелесуден өту. Бұл кезеңге іріктеудің алдыңғы кезеңдерінде жиынтықтағы балдармен ең үздік нәтижелер көрсеткен үміткерлер қатыстырылады. Президент Әкімшілігі құратын комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен сәтті өткен әр үміткермен әңгімелесу өткізеді.

Іріктеудің қорытынды кезеңінде Кадрлар резерві жөніндегі Ұлттық комиссия ең жоғары балл жинаған үміткерлерді Президенттік жастар кадрлар резервіне қою туралы шешім қабылдайды.

Барлық үміткерлерді бағалау кезеңінде шешімдерді қабылдау ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдері тартылуы мүмкін.

Резервке қойылған тұлғалар Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді курстардан өтуі мүмкін.

Инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика және көптеген басқа салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өту, сондай-ақ еліміздегі жоғары мемлекеттік және басқару лауазымдарына тағайындалу мүмкіндігіне алғаш рет ие болып отыр.

 

2019 жылдың 10 тамыздағы Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті

2019 жылдың 10 тамызында «Бірге-Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлері экологиялық сенбілікке қатысты.