Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті

ВКО

Семинар-кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 23-24 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысы қазынашылық Департаменті  Шемонаиха, Бородулиха және Беқарағай аудандық қазынашылқ басқармаларында, бюджеттің IV  деңгейін енгізу жөніндегі жергілікті өзін-өзі басқару, сондай-ақ мемлекеттік органдардың этикалық нормаларын сақтау жөніндегі ережелерді және олардың бұзылуының алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте ауылдық округтердің қаржы қызметкерлері, бөлім басшылары экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік басқарма қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы басқармасының басшысы А.Е Мажированың баяндамасы тыңдалып, ЖӨБ бюджетінің IV деңгейін іске асыру барысы және ауылдық округтер бухгалтерлерінің проблемалық мәселелері талқыланды.

Аудандық басқарма қызметкерлері арасында,  мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен олардың алдын алу бойынша семинар-кеңесті әдеп жөніндегі уәкілі Естаева С.Е жалғастрыды.

 

«Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу» тақырыбында семинар-кеңес

      Қаржы Вице-министрі Р.Б. Бекетаевтың тапсырмасына сәйкес «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ШҚО бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаментінде тапсырыс берушілермен және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен семинар-кеңес өткізілді.

       Семинар-кеңесте сондай-ақ «Құрылыс  бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу» тақырыбында басшының орынбасары Манабаева Жанар Кусмановна  баяндама жасады.

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау

        Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық Департаменті «2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау» тақырыбы бойынша қызметкерлер арасында отырыс өткізді. Отырыс барысында қызметкерлер Президент жолдауының бес негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы – Еліміздің маңызды саяси оқиғаларының бірі болып саналады. Бұл Жолдауда – Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың  мемлекеттік курсының стратегиялық жолын жалғап, елімізді жаңғыртудағы  басым бағыттар  бойынша сабақтастықты  сақтайтыны туралы айтылған.