Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті - Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Menu
+7 7172 717312

kk_mfrk@minfin.gov.kz
Кіру Тіркелу │ Жабық ақпаратқа кіру үшін

Аккаунтқа кіру

ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Запомнить меня

Тіркелу

Жұлдызшамен (*) белгіленген міндетті түрде толтыру қажет.
ММ/КСС аты *
ММ/КСС коды *
Құпиясөз *
Құпиясөзді қайта енгізіңіз *
Email *
Еmail-ді қайта енгізіңіз *

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті

Туркестанская область

«Қазынашылық органына ұсынылған қаржылық құжаттардың рәсімделу сапасын жақсарту» тақырыбына семинар өтті

«Қазынашылық органына ұсынылған қаржылық құжаттардың рәсімделу сапасын жақсарту» тақырыбына семинар өтті

 

Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінде Республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сондай-ақ, ЖШС мекемелері өкілдерімен ұсынылған қаржылық құжаттардың рәсімделу сапасын жақсарту, құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын тіркеу бойынша Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің жұмыс тобымен 2019 жылы 17-мамырда Түркістан қаласында семинар өткізілді. Семинарда бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің басшылары мен бухгалтерлерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілері және ЖШС мекемелерінің мамандарының жұмысқа қатысты проблемалық сұрақтары талқыланып консультативті көмектер көрсетілді. Семинар соңында ұсынылған қаржылық құжаттардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес рәсімделуі бойынша ұсыныстар берілді.

«Қызметтік этика талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары, сыбайлас жемқорлықтың зардаптары» тақырыбына семинар-жиналыс өтті

    2019 жылдың 24 мамырында Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінде, ҚР МҚІ және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Ғабит Өмірәліұлы Жүндібаевтың қатысуымен семинар-кеңес  өткізілді.

    Жиында мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және сыбайлас жемқорлықтың зардаптары туралы мәселелер айтылды және түрлі бейне жазбалар көрсетілді.

«Алға басу-движение вперед»

2018 жылы 16 маусым күні Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына және «Мемлекеттік қызметші күні» (23 маусым) мерекесіне «Алға басу-движение вперед» мемлекеттік қызметшілер арасындағы қайырымдылық жүгірісі республикамыздың барлық облыс орталықтарында бір стартпен, бір күнде, бір уақытта мәреге шығуына орай өткен марафонға ОҚО бойынша Қазынашылық департаментінің бас маман-бас қазынашысы Ерболат Айдарханович Балабеков қатысып, III-орынды иеленді.

Облыстың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ақтық жарыс қорытындысы.

2018 жылдың 28 сәуір күні  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығы мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген мемлекеттік мекемелерінің қызметшілері арасында спорттың 6 түрінен (футбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі, гир көтеру, жүзу)   спартакиадалық ақтық жарыс өткізіліп, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметкерлері командалық  3-орынды иеленді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық мерекесіне орай

 2018 жылдың 19-29 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген мемлекеттік органдардың  мемлекеттік қызметшілер арасында 23 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығы мерекесіне орай спорттың 6 түрінен 1,2,3,4 топтар арасында спартакиадалық жарыстар өткізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  Қазынашылық департаменттің мемлекеттік қызметкерлері 1 топ сайыстарына қатысып, департаменттер  арасында 1-орынды жеңіп алды, сондықтан 2018 жылдың 29 сәуірінде 1-4 топтардың жеңімпаз командалары арасында өтетін ақтық ойындарға қатысады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейту

         2018 жылғы 13 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Л.Шукееваның басқаруымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.С.Альжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейту мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар көріністерінен туындайтын қауіп-қатер салдары жөнінде Департамент қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейне жазбалар көрсетілді және   Әдеп нормаларына қатысты сұрақтарға  түсінік беріліп семинар өткізілді.

         Семинар соңында департамент басшысы Л.Шукеева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агентігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент қызметкеріне мағыналы сұхбат және Әдеп кодексінің стандарттарын айқындағаны үшін алғыс білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментіндегі Алқа мәжілісі туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша Қазынашылық департаментінде 2018 жылы 9 ақпан күні департамент басшысы  Л.Шукеева мен аумақтық және құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен «2017 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен 2018 жылдың 1 тоқсанында алда тұрған міндеттері» тақырыбында Алқа мәжілісі өтті.

         Алқа мәжілісінде  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын департамент басшысының орынбасары Қ.Байсариев оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

        Департамент басшысының орынбасары Қ.Шарафиева «2017 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен 2018 жылдың 1 тоқсанында алда тұрған міндеттері» туралы баяндама жасады.

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған 5 институционалды реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында 100 нақты қадамның 98 қадамын «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІН» іске асыру және ҚР ҚМ 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық Жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап ОҚО бойынша 175 елді мекендерде IV-деңгейлі бюджеттің сәтті  енгізілгенін, шоттарындағы қалдықтар жаңа ҚБШ-ға ауыстырылып, қаржыландыру жоспарлары отырғызылып, шығыс операциялары өткізілуде екенін департамент басшысының орынбасары А.Мухамедгалиева баяндамасында көрсетіп, оқыды.

       Аумақтық бөлімшелердің 2017 жылдың 2-жартыжылдығында атқарған қызметіне жүргізілген дистанциялық бақылау есебінде анықталған қателіктер мен кемшіліктер қорытындысы бойынша- Ведомстволық бақылау бөлімінің  басшысы Н.Кенжеев баяндама жасап, аумақтық қазынашылық басқармалар арасындағы 2017 қаржы жылында рейтингтік көрсеткіште 1-орын алған Арыс қалалық басқармасына Алғыс хат табысталды.

        Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Ергешованың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау негізінде баяндама жасап, түсіндірді.

        Еліміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі екендігін ескере отырып, жұмыс орында еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында, департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы М.Шахманова «Өрт және техникалық қауіпсіздік» туралы баяндама жасап, слайд көрсетіп, жер сілкінісі немесе өрт болған кездегі іс-әрекеттер туралы парақшалар таратылып берілді.